Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

пятница, 19 февраля 2016 г.

1 - наурыз Алғыс айту күні мерекесі

Алғыс күні кітапханада


Суретте: "Салт-дәстүр - асыл қазынам" атты дөңгелек үстелден көрініс.
     
        Елбасымыздың Жарлығымен көктем айының бірінші күні – Алғыс айту күні болып белгіленгенін баршамыз жақсы білеміз. Жалпы Алғыс алу біздің халқымыз үшін өте қымбат қазына. Осы айтулы күнге орай Қ.Дармағанбетов атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел басында әңгіме өткізілді. Әңгіме аясында «Салтым – асыл қазынам» тақырыбында слайд пен видеоролик көрсетілді.  Жұмысты жүргізген кітапханашылар В.Батырова, А.Ділмағанбетовалар көрмемен және шақырылған қонақтармен таныстыра келе жұмыстың мазмұнына тоқталды.
       Негізі салтымызды, дәстүрімізді, ырымдарымызды жас ұрпақтың ұмытпай жалғастыруы өте қажет. Жұмысқа қатысқан Ш.Уалиханов орта мектебінің 
8 сынып оқушыларын бастап келген ұстаз Амангелдина Әминаға және мектеп ұжымына айтар алғысымыз зор. Әңгіме барысында зейнеткер Есен Қабылов өзі жасап, өзі қолданған ашамай жайында жан-жақты айтып берді. Тағы бір зейнеткер анамыз Тұрсынкүл Шоқатқызы қазақ қызының өз жұртынан ұзатылып бара жатқанда айтатын сыңсуды өзі орындап, мағынасын айтып берді.
      Кітапхана саласында көп жыл еңбек етіп жүрген Қарлығаш Бірмағанбетова кітапханашы Г.Әбеудің баласы Дарханның тұсаукесер рәсімін көрсетті. Тұсаукесерге пайдаланатын заттар, олардың мәні жөнінде айтып берді. 
      Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бірмағанбетов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Ахметжанов және зейнеткер ұстаз Г.Иманғалиевалар әсерлі де тартымды әңгімелер айтты. Жалпы іс-шара өте мазмұнды болып өтті. Кітапхана басшысы Р.Қабдуалиева қатынасушыларға зор алғысын білдіре отыра, сый-сияпат жасады.
Г.ШАЙМЕНОВА,
кітапханашы.
    

понедельник, 1 февраля 2016 г.

Тәуелсіздік  -  таң нұры

       Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Тәуелсіздігіміздің  25  жылдағы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.
      Аудандық Қ.Жармағамбетов атындағы кітапханада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты интеллектуальдық әңгіме жас ұстаздар арасында өткізілді. Тәуелсіз еліміздің,туған топырағымыздың тамыры терең бай тарихымен тереңірек танысты. 
      Сонымен қатар «Тәуелсіздік - таң нұры»  атты кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері»,  «Тәуелсіздік шежіресі», Ш.Елеукеновтың «Тәуелсіздік биігінен», М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М.Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм» кітаптары койылды. Көрмеге Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылды. Біз кітапхананың иелігіндегі қордан тақырыпқа байланысты кітаптарды, материалдарды келушілердің назарына ұсынуға тырыстық. Олар - еліміздің мемлекет болып нығаюы кезеңімен, еліміздің тарихымен, Қазақстан халықтарының мәдениетімен тығыз байланысты кітаптар. Көрменің негізгі идеясы - қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету.
                                                                                       Ә.Ағытаев,
аудандық кітапхана.