Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

понедельник, 5 февраля 2018 г.

Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі


Кітап – біздің теңдесіз байлығымыз. Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, білім мен тәрбие беретін құрал. Ендеше  балалардың кітап оқуына басшылық жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту мақсатында «100 кітап» жобасы аясында Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында «Кітап – рухани байлықтың қайнар көз» атты осындай тақырыппен іс шара өтті.



Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары, оқушылар мен ұстаздар қатысты.  Оқушылар өздерінің ойларында жүрген кітап туралы сұрақтарын жарыса қойып, оған өз жауаптарын алды. Сонымен қатар өздерінің дайындап келген көріністерін қойды. Кітап оқу - адамның дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытады дей отырып, оқырмандарымыз қатысушыларға алғыстарын білдірді. Халқымызда «Ізденген – жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. 


Сондықтан, білім мен тәрбие беретін кітапты оқуды, кітапханаға келуді ұмытпайық. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көп болсын деп келгендерге кітапхана ұжымы алғыстарын білдірді.
В.БАТЫРОВА,
кітапханашы.

четверг, 18 января 2018 г.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында өткен
Нұрхан Ахметбековтің 115 жылдығына орай



"Ақындардың дүлділі" атты жыр мүшәйрасы өтті

       Аудандық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, 12 қаңтар күні Қазақстанның халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрхан Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. 
    Ақынның рухын тербетіп, оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыруды, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын өлең өзегіне арқау ете отырып, қалың жұртшылыққа паш ету. Мүшәйраға 33 үміткер өлеңдерін тапсырды. Үміткерлер ақын Н.Ахметбековке арналған өлеңдерімен қоса, еркін тақырыпта 3 өлең тапсырды.


    2018 жылдың 12 қаңтарында өткізілген іріктеу кезеңінде әділқазылар алқасының мүшелері әрбір ұсынылған шығарманың тақырыбы жағынан байқау шартына сәйкестігін, идеялық мазмұны, көркемдік сапасына назар аударып, ақтық сынға  қатысатын 25 үміткерді іріктеп алған болатын. Мүшәйрада «Ақындардың дүлдүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өлеңдер, айтыстар және дастандар жинақтар кітабы, фотосуреттері қойылды. Онда көрмеге шолу және әңгімелесу өткізілді, оқырмандарға анонимді сауалнаманың сұрақтары ұсынылды. Сауалнамаға қатысқан оқырмандардың жартысынан көбі заманауи авторларды біледі және қуана-қуана оқитындарын жеткізді. Ақын Нұрхан Ахметбековтың немерелері Тойғанбол Мәлікзадаұлы мен Райхан Мәлікзадақызы сыйлы қонақ болып, келген оқырмандар мен мүшәйраға қатысушыларға ақынның өмірі жайлы терең, мағыналы мағлұмат берді. Ақтық сында әділқазылар алқасының мүшелері жыр мүшәйрасында оза шапқан жүлдегерлер мен байқау жеңімпазын анықтап, тиісті жүлделерді үлестірді. 
  Екі кезеңде де оқушылар әділқазылардың көңілінен шыға білді. 1-шіден өздерінің таланттарыменен, 2-шіден алған ақын өлеңдерінің мазмұны және оны нәшіне келтіре оқып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Жыр мүшәйрасына қатысушылардың өнеріне оқырмандар да тәнті болғанын жеткізді.
    

    
      Н.Ахметбеков атындағы арнай жүлдені - Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары - Қазым Батырұлан 9 сынып оқушысы және Бақытжан Ержан 3 сынып оқушысы иеленді. «Жас ақын» номинациясын ақын Нұрхан Ахметбековтың шөбересі Сейітбаттал Маржан - Ы.Алтынсарин орта мектебінің 6 сынып оқушысы иеленді.
    І орынды - Қабен Диана мен Сәбитбек  Ақбота Аманкелді орта мектебінің 10 сынып оқушылары және Тұрай Ерасыл -Ш.Уәлиханов атындағы орта  мектебінің 10 сынып оқушысы иеленді. ІІ орынды - Нұрмұхамед Бекзат Бауыржанұлы - Қ.Қойдосов мектебінің 9 сынып оқушысы. Ал ІІІ орынды - Бейсен Айкүміс Ы.Алтынсарин орта мектебінің 7 сынып оқушысы мен Тойшыбек Аяулым - Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысына бұйырды. Басқа мүшәйраға қатысушылар ақшалай жұбаныш жүлделеріне ие болды. «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйраның жеңімпаздары мақтау қағаздар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
  

    Кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, өткен Қазақстанның халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Н.Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйрасына қонақ болып ақынның немерелері қатысты. Сондай-ақ, оқырмандар, мұғалімдері және оқушылар барлығы 35 адам қатысты.     

       Қорытындылай келе қазіргі уақытта әдебиетті оқу дағдарысы байқалады, бұл компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуымен, ақпараттық технологиялардың өсіп келе жатқан әсерімен байланысты. Кітаптың күшті және агрессивті бірден-бір бәсекелесі – интернет, әлеуметтік желілер мен әр түрлі электронды баспалар. Әрине, жастар өздерінің виртуалды кеңістіктерінде көңіл көтеруді қалайды, сирек және аз оқиды. Осыған қарамастан, кітап оқу - жастардың қалауы бойынша соңғы орында емес. Сондықтан біз үшін оқырмандарды қызықтыру өте маңызды. Олардың кітапханаға келіп, кітап оқуы үшін, әр түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыру. Осы өңірден шыққан ақын жазушылардың шығармаларын кеңінен таныту. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын өлең өзегіне арқау ете отырып, қалың жұртшылыққа паш ету. Оқырмандардың кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
А.АГИТАЕВ,
аудандық кітапхана.

                                   

вторник, 2 мая 2017 г.

Зерделі кеңес өтті

       «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ «Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қортындылары мен дамытудың нақты бағыттары» тақырыбындағы зерделі кеңес 2017 жылдың наурыз айының 11 жұлдызында кітапханшылардың қатысуымен 2016 жылдың қорытынды семинар кеңесі өтті.                
        ОКЖ әдістемешісі барлық кітапханашыларды өткен жылдың сәтті аяқтағандығы айта отырып, алдағы жылдың жоспарларымен, өткен жылдың жұмыс көрсеткіші мен іс-шаралар тұрғысында тоқталып, 2017 жылға жоспарланып отырған семинарлар мен бағдарламаларды таныстарды, өткізілетін сынақ байқаулармен таныстырылды. Библиограф кітапханашыларға библиографиялық жұмыстар туралы, түрлері туралы айтты. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы кітапханашылар жұмысының кемшіліктері мен жетістіктерін айта келіп, 2016 жылы жоспарланып өткізілген «Ең үздік кітап қоры» сынақ байқауының қортындысын айтты. Сынақ байқауды комиссия мүшелері барлық кітапханаларда болып, кітап қорларының орналасуын тексеріп, мынадай қортындыға келгендігін  жеткізді.
       «Ең үздік кітап қоры» байқауының бас жүлдесін Қ.Жармағамбетов атындағы аудандық кітапхана, «Үздік кітап қоры» номинациясын Ақшығанақ ауылдық кітапханасы, «Ұқыпты кітап қоры» номинациясымен Қалам-Қарасу ауылдық кітапханасы марапатталып алғыс хатпен және сыйлық тапсырылды.

Ғ.Абдрахманова,
ОКЖ әдістемешісі.
                                                                                                                    
                                                                                                   




        «Нұрға толы мереке» дөңгелек үстел 

  
      Қазақстан қоғамының бүгінгі дамуында әйелдердің рөлі арта түскені анық. Өйткені, әйелін ұлықтаған қоғамның ұтары көп. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күні жеткен табыстарында әйелдер қауымының да қосқан үлесі зор. Қ.Жармағамбетов атындағы кітапхананың оқу залында 
      8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Нұрға толы мереке» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді.

Қазақтың төл өнерін қайта жаңғыртып, тоқыма, тігін, қол өнерінің майталман шеберлеріне айналысып жүрген зейнеткер Салтанат Тұрғынбекқызы, Н.Г.Иванов орта мектебінің мұғалімі Айгүл Жеңісқызы, Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің мұғалімі Гүлмира Бақытқызы қатысты, өздері жасаған бұйымдарын ала келіп, жасалу технологияларын оқырмандарға  таныстырды. Әңгіме барысында аяулы жандар бойларындағы дарыған қасиетті өнердің қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, «Ана өмір шуағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
В.Батырова,
кітапханашы.
                                                                                            

понедельник, 28 ноября 2016 г.

                                                                          1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

«Кемеңгер ұлы тұлға»

       Қ.Жармағамбетов атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» шеңберінде «Кемеңгер ұлы тұлға» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Қазақ Елін – Мәңгілік Ел қатарына қосуға бағытталған Ел Президентінің мемлекетіміздің дамыту жолындағы әлем назарын аудартқан маңызды іс-шаралармен кеңінен таныстыратын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Көрме 23 қарашадан бастап оқырман назарына ұсынылды.
В.Батырова,
кітапханашы.

пятница, 4 ноября 2016 г.

Конституция күніне орай

Ата  Заңым - тірегім


 Аудандық балалар кітапханасында  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Өз құқығыңды білесің бе?» атты пікірталас өтті. Онда оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулы жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу, мәдениетін дамыту мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында қызу пікірталасқа оқушылар қызығушылық танытты. Сонымен қатар осы күнге орай «Ата  Заңым - тірегім» атты  кітап көрмесі шығарылды. 
Сауле ОМАРОВА.
Балалар бөлімінің кітапханашысы.

Семинар - 2016

«Тарихы терең  -  Ұлы  ел!»


        Ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай Арқалық қаласының №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Ы.Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін» тақырыбында семинар өткізілді.

      Семинарға облыстық мәдениет басқармасының қызметкері И.Шевко, облыстық Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Д.Дүйсебаева қатынасты. Жангелдин ауданының  кітапханалар жүйесі үш нүктеде «Тарихы терең – Ұлы ел!» библио-аялдама аялдамасын ұйымдастырды.
Бірінші аялдама - Сужарған ауылдық округі. Бұнда Ы.Алтынсариннің Торғай жеріндегі бірінші мектебі, алғашқы оқушылары жөнінде театрландырылған көрініс көрсетілді. 
      Екінші аялдама - Сарысу. Бұл жерде көрермендер назарына жазушы Т.Ахтановтің «Боран» шығармасынан шағын спектакль ұсынылды. Спектакльде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр тұрмыс жайында баяндалады.
      Ал, үшінші аялдама -  Жаркөл ауылдық округі. Ұлт - азаттык көтерілісінің 100 жылдығына орай А.Имановтің өмірі жөнінде «Татыр шайқасы» қойылымы көрсетілді. Барлық қойылымдарда кітапханашылармен бірге жергілікті кітапхана оқырмандары қатынасты.
                                                                                                                           Ә.БАҚТЫБАЙҰЛЫ.