Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

понедельник, 28 ноября 2016 г.

                                                                          1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

«Кемеңгер ұлы тұлға»

       Қ.Жармағамбетов атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» шеңберінде «Кемеңгер ұлы тұлға» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Қазақ Елін – Мәңгілік Ел қатарына қосуға бағытталған Ел Президентінің мемлекетіміздің дамыту жолындағы әлем назарын аудартқан маңызды іс-шаралармен кеңінен таныстыратын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Көрме 23 қарашадан бастап оқырман назарына ұсынылды.
В.Батырова,
кітапханашы.

пятница, 4 ноября 2016 г.

Конституция күніне орай

Ата  Заңым - тірегім


 Аудандық балалар кітапханасында  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Өз құқығыңды білесің бе?» атты пікірталас өтті. Онда оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулы жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу, мәдениетін дамыту мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында қызу пікірталасқа оқушылар қызығушылық танытты. Сонымен қатар осы күнге орай «Ата  Заңым - тірегім» атты  кітап көрмесі шығарылды. 
Сауле ОМАРОВА.
Балалар бөлімінің кітапханашысы.

Семинар - 2016

«Тарихы терең  -  Ұлы  ел!»


        Ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай Арқалық қаласының №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Ы.Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін» тақырыбында семинар өткізілді.

      Семинарға облыстық мәдениет басқармасының қызметкері И.Шевко, облыстық Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Д.Дүйсебаева қатынасты. Жангелдин ауданының  кітапханалар жүйесі үш нүктеде «Тарихы терең – Ұлы ел!» библио-аялдама аялдамасын ұйымдастырды.
Бірінші аялдама - Сужарған ауылдық округі. Бұнда Ы.Алтынсариннің Торғай жеріндегі бірінші мектебі, алғашқы оқушылары жөнінде театрландырылған көрініс көрсетілді. 
      Екінші аялдама - Сарысу. Бұл жерде көрермендер назарына жазушы Т.Ахтановтің «Боран» шығармасынан шағын спектакль ұсынылды. Спектакльде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр тұрмыс жайында баяндалады.
      Ал, үшінші аялдама -  Жаркөл ауылдық округі. Ұлт - азаттык көтерілісінің 100 жылдығына орай А.Имановтің өмірі жөнінде «Татыр шайқасы» қойылымы көрсетілді. Барлық қойылымдарда кітапханашылармен бірге жергілікті кітапхана оқырмандары қатынасты.
                                                                                                                           Ә.БАҚТЫБАЙҰЛЫ.
                                                                                                                             




Ақын С.Тұрғынбекұлы - 70 жаста

Сазды ақын, сырлы ақын



  Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын С.Тұрғынбекұлының 70 жасқа толуына арналған «Сазды ақын, сырлы ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның әр жылдары жарық көрген шығармалары, газет қиындылары мен фото суреттері койылды.
                                                                                 В.Батырова
                                                кітапханашы.