понедельник, 28 ноября 2016 г.

                                                                      1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

«Кемеңгер ұлы тұлға»

    Қ.Жармағамбетов атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» шеңберінде «Кемеңгер ұлы тұлға» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Қазақ Елін – Мәңгілік Ел қатарына қосуға  
бағытталған Ел Президентінің мемлекетімізді дамыту жолындағы әлем назарын аудартқан маңызды іс-шаралармен кеңінен таныстырар кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
    Көрме 23 қарашадан бастап оқырман назарына ұсынылды.
Венера БАТЫРОВА,
кітапханашы.

пятница, 4 ноября 2016 г.

Конституция күніне орай

Ата  Заңым - тірегім


 Аудандық балалар кітапханасында  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Өз құқығыңды білесің бе?» атты пікірталас өтті. Онда оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулы жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу, мәдениетін дамыту мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында қызу пікірталасқа оқушылар қызығушылық танытты. Сонымен қатар осы күнге орай «Ата  Заңым - тірегім» атты  кітап көрмесі шығарылды. 
Сауле ОМАРОВА.
Балалар бөлімінің кітапханашысы.

Семинар-2016

«Тарихы терең -Ұлы  ел!»


  



    

     


   Ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай Арқалық қаласының №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Ы.Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін» тақырыбында семинар өткізілді.
    Семинарға облыстық мәдениет басқармасының қызметкері И.Шевко, облыстық Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Д.Дүйсебаева қатынасты. Жангелдин ауданының  кітапханалар жүйесі үш нүктеде «Тарихы терең – Ұлы ел!» библио-аялдама аялдамасын ұйымдастырды.
    Бірінші аялдама - Сужарған ауылдық округі. Бұнда Ы.Алтынсариннің Торғай жеріндегі бірінші мектебі, алғашқы оқушылары жөнінде театрландырылған көрініс көрсетілді. 
   Екінші аялдама - Сарысу. Бұл жерде көрермендер назарына жазушы Т.Ахтановтің «Боран» шығармасынан шағын спектакль ұсынылды. Спектакльде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр тұрмыс жайында баяндалады.
   Ал, үшінші аялдама -  Жаркөл ауылдық округі. Ұлт - азаттык көтерілісінің 100 жылдығына орай А.Имановтің өмірі жөнінде «Татыр шайқасы» қойылымы көрсетілді. Барлық қойылымдарда кітапханашылармен бірге жергілікті кітапхана оқырмандары қатынасты.

Жангелдин ОКЖ.
  



Ақын С.Тұрғынбекұлы - 70 жаста

Сазды ақын, сырлы ақын



  Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын С.Тұрғынбекұлының 70 жасқа толуына арналған «Сазды ақын, сырлы ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның әр жылдары жарық көрген шығармалары, газет қиындылары мен фото суреттері койылды.
                                                                                 Венера Батырова
                                                кітапханашы.

вторник, 14 июня 2016 г.


Чернобыль жаңғырығы -  жадымызда



    Биыл әлемді дүр сілкіндірген Чернобыль апатының тарихтан орын алғанына 30 жыл толып отыр. Апаттың зияны, тартқызар азабы табиғат үшін де, адамзат баласы үшін  де оңайға түскен жоқ. Осы даталы күнге орай аудандық Қ.Жармағамбетов атындағы кітапхананың оқу залында «Чернобыль жаңғырығы - жадымызда» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – сол апатқа қатысқан жерлестеріміздің ерліктерін бүгінгі жас ұрпаққа таныстыру, насихаттау. 
 Сол кездегі әскер қатарында жүрген жауынгерлер Ануарбек Ғалымұлы, Жақсыбай Ғалымжанұлы, Еркін Төремұратұлы өз көздерімен көрген қасіретті, сол жердегі жағдайды оқырмандарға баяндап берді. Апатқа қатысушы Олег Жоламанұлы денсаулығына байланысты жұмысқа келе алмау себебіне орай өз ойын экран арқылы айтып берді.
  Жалпы сол, 1986 жылғы 26 сәуірде орын алған оқиғаны уақытында залалсыздырмағанда оның азабының да көп болатынын, бірақ, сол кездегі Одақтық бірігіп күш шығарып, бір адамдай жұмылғанының арқасында тез тоқтатылғанын қонақтар әңгімелеп берді. Шара барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
   Сондай-ақ жұмысқа қатысқан аудан әкімі  Асқарбек Ахметбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Рауыл Қамбарұлы, Торғай селосының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқыбай Мирақайұлы, ардагер Тыныштық Әбжамалұлы өз ойларын айтты.
 Жұмыс шараның соңында аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы Чернобыль апатының ардагерлеріне алғыс айтып, сый-сияпат көрсетті. Жұмыс шараны ұйымдастырып, өткізген кітапханашы Венера Батырова барлық қатысушыларға ұжым атынан алғыс айтып, лебізін білдірді. Жұмысқа оқырмандар, мектеп оқушылары қатысты.
                                                                            Гүлбану ШАЙМЕНОВА,
                                                                                                кітапханашы.
                  Азаттық жырының ақтаңгері


  Қ.Жармағамбетов атындығы аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпы ұлттық оқылымға таңдалған қазақ жырының дүлдүлі, адуанды ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Азаттық жырының ақтаңгері» атты жыр сағаты ұйымдастырылды.
  Шараның мақсаты – қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін құрметтеуге баулып, ақынның лирикалық өлеңдерін, толғаулары мен дастандарын насихаттау.
  Дулат Бабатайұлының «Сандықтас», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Қайғылыны уаттым», «Ата қоныс арқада», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ақтанға», «Бір патша», «Біреуге», «Алладан сұрап иманды» өлеңдерін, «Еспембет» дастанынан үзінді А.Қабылбек, А.Манабай, С.Нариман, А.Жұмабек, А.Сапарова, Г.Көпжасар, А.Жанмұрат, А.Елубай, Д.Әбеу нақышына келтіріп оқып берді.
  Сонымен қатар, «Ақындықтың дара тұлғасы» тақырыбында слайд пен видеороликтер көрсетілді.
                                                                                 Венера БАТЫРОВА,
кітапханашы.

четверг, 7 апреля 2016 г.

«Бір ел - бір кітап» акциясы

«Ақындықтың дара тұлғасы»
  
   Кейінгі кездері көптеген елдерде, жалпы әлем бойынша кітап оқылудың азайғанын айтып дабыл қағуда.Ұлттық академиялық кітапханасы оқу ісін ілгерілету  және оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, сонымен қатар рухани мұрамызды сақтау мақсатында «Бір ел - бір кітап» акциясы жарияланған болатын. Бұл акция – кітап оқитын қауым мен оқырмандардың көбеюіне мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Акцияның жыл кітабы болып биыл ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі, «Зар заман әдебиеті» өкілдерінің көш басында тұрған кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармалары таңдалды. Осыған орай Қ.Жармағамбетов атындағы аудандық кітапханада «Ақындықтың дара тұлғасы» атты кітап көрмесі шығарылды. Көрмеге ақынның өмір жолы жайлы кітаптар, мерзімдік басылымдардан материалдар қойылды.                            
                                                                                           В.БАТЫРОВА, 
                                                                                            кітапханашы.